«Ауру ма, сау ма әзірге белгісіз...» – 557 жолаушы шетелден анықтамасыз келді
«Ауру ма, сау ма әзірге белгісіз...» – 557 жолаушы шетелден анықтамасыз келді
338
оқылды

Қазақстанға Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина және Ресей Федерациясынан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2 328 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 771 адам, анықтамасыз Қазақстанның 557 азаматы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 444 жолаушы, анықтамамен – 1 145, анықтамасыз – 299; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 884 жолаушы, анықтамамен – 626, анықтамасыз – 258.

Анықтамасыз келген жолаушылар ПТР тест тапсырады.