Ер адамды өлтіріп, орманға тастап кеткен
Ер адамды өлтіріп, орманға тастап кеткен
95
оқылды

Павлодар облысында полиция қызметкерлері Ақсу ауданының тұрғынын аса қатыгездікпен өлтірген күдіктіні ұстады. Бұдан бұрын полицейлер осы қылмысқа қатысы бар тағы бір адамды ұстап, ол сотталған болатын, – деп хабарлады Polisia.kz.

«10 ақпанда Anti-Fraud және «Барьер» жедел алдын алу шарасы кезінде полиция қызметкерлері Павлодарда адам өлтіргені үшін іздеуде болған 39 жастағы ер адамды ұстады. Белгілі болғандай, 2018 жылы 25 маусымда сағат 03:25-те Ақсудағы дәмханалардың бірінде екі ер адам Ақсу тұрғынын ұрып-соққан. Содан соң оны Ленинск – Курчатов жолының маңына апарып, өлтірген»,– деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Оның айтуынша, осы іске қатысы бар тағы бір қылмыскер бұрын ұсталып, сотталған.  Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Қылмыстық іс  ҚР ҚК 99-бабы  «Адам өлтіру» бойынша жүргізілді. Екінші күдікті жасырынып үлгерген. Ол халықаралық іздеуге жарияланды. Қазір қылмыскер ұсталып, Павлодар полициясы уақытша ұстау изоляторына қамалды.