Өзбек туризмі өркендеп тұр
Өзбек туризмі өркендеп тұр
487
оқылды

Қазір жұрт Париж ша­һарына қарағанда, Таш­кент шаһарға барған­ды ұнатады. Өйткені онда арзан әрі дәмді тағамдар мен қалта көтеретін баға бар. Осы орайда Harper’s Bazaar журналы 2020 жы­лы жол түссе бару мін­дет­­телетін 20 бағыттың ті­зі­мін жасаған. Сәйке­сін­ше, үз­дік үштікте Самар­қан, Ботсвана, Сидней тұр. Қа­зақстан турист тарта ал­май жүрсе, Өзбекстан туриз­­мін әлемдік деңгейге шы­ғар­ды.

Туризмді дамыту бойынша тұжырымдама Өзбекстанда да бар. Елдегі туризмді дамыту комитеті жыл сайын қаңтардың ортасында халыққа есеп береді. Өзбек­стан БАҚ өкілдері ұсын­ған бірнеше деректі қамтып көрелік. Сонымен, комитет статистикасы бойын­ша, 2018 жылы Өзбек­стан­ға 5,35 млн шетел азаматы келген. Оның ішінде 4,6 млн адам Орталық Азия­­­дан, 406 мыңы ТМД-дан, қалған 326,5 мың турист алыс шетелден өзбек жеріне ат басын бұрған. Аталған іс-шара­да жауапты тұлғалар 2019 жылға жоспар құрып, бағыт айқындаған. Әрі өзбек елінде туризмді жедел дамытуға кедергі келтіретін проблемаларды зерт­теу негізінде 2025 жылға дейін­гі кезеңде туризм саласын дамыту тұжырымдамасы бекіді. Алдағы уақытта Өзбекстанда көлік логистикасы дамып, сырт­қы және ішкі бағыт кеңейеді екен. Туристік нарықта ірілердің біріне айналу үшін қызметкердің біліктілігін арттырып, даярлау және қайта даярлау курсынан өткізеді.

Ал 2019 жылдың есебі толық жария болған жоқ. Дегенмен uzbektourizm.uz өткен жылдың 9 айына сараптама жасапты. Дерекке сүйенсек, Өзбекстанға 9 айдың ішінде 4,9 млн адамның табаны тиген. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 26%-ға жоғары. Өйткені 2018 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында елге 3,9 млн турист келген.  

Ерекше сәулетімен әйгілі қала­ларын көріп, өзбек мәдение­ті­мен танысуға талайлар асық. Мә­­селен, 2019 жылы келу­шілердің 26,3%-ы – Орталық Азия мен ТМД-дан, 54,8%-ы алыс шетелден келіпті. Соның ішінде Ресей, Түркия, Ауғанстан, Қытай мен Кореядан жеткен турист көп.   

Елге турист келсе, көркейе түсері анық. Бұған Өзбекстан айқын дәлел болады. Өйткені турист ағыны көбейген сайын қала­ларды дамытудың жаңа бағдар­­ламасы, қонақүйлер, хос­тел­­дер мен ойын-сауық орта­лықтары бой көтереді. Мәсе­лен, 2017 жылы Өзбекстанда турис­тер тоқтайтын 66 орын болса, 2018 жылы –141, 2019 жылдың 9 айында қонақүйдің жалпы саны 188-ге жеткен.


Жә­дігерге балап отырғанымыз – ортағасырлық көк күмбезді ғи­мараттары бар, сәулет өне­рі­нің жетістігі саналатын Өзбек­станның даңқты қалалары.  Үшіншіден, шетелдіктерге жер­гі­лікті халықтың ықыласы. Интер­нетті шолып шықсаңыз, өзбектердің шетелдіктерге көмек көрсеткені, дәм сыйлап, құрметтегені жайында аңызға бергісіз пікір оқисыз.


Сонымен бірге туризм орта­лығы Өзбекстанға келетін ту­рис­тердің жас мөлшерін анық­­таған. Статистикаға мән бер­сек, 31-55 жас аралығындағы туристер демалысын өзбек жерін­де өткізгенді ұнатады. Себебі елге келетіндердің 51 пайызын аталған жастағылар құрайды. Ал Өзбекстанға саяхат­тайтын 30 жасқа дейінгі шетелдіктің көрсеткіші – 29%. Қалған 20% туристің жасы 55 жастан жоғары екен.

Осындайда «неліктен турис­тер Өзбекстанды таңдайды?» деген сұрақ туады. Біріншіден, Өзбекстан туристік нарықта бедел­ді. Өйткені Wegoplace сая­хатқа арналған онлайн сер­висі Өзбекстанды жалғыз ара­лауға қауіпсіз елдердің үздік бестігіне кіргізді. Ал Harper’s Bazaar Самарқанды 2020 жылы саяхаттауға тұрарлық қаланың тізіміне енгізді. Екіншіден, еуро­палықтар, жалпы адамзат бала­сы жәдігерді көруге құмар. Жә­ді­герге балап отырғанымыз –ортағасырлық көк күмбезді ғи­мараттары бар, сәулет өне­рі­нің жетістігі саналатын Өзбек­станның даңқты қалалары. Үшіншіден, шетелдіктерге жер­гі­лікті халықтың ықыласы. Интер­нетті шолып шықсаңыз, өзбектердің шетелдіктерге көмек көрсеткені, дәм сыйлап, құрметтегені жайында аңызға бергісіз пікір оқисыз. Мұның өзі – туристі тартудың ең оңай әрі шығыны аз түрі. Өзбекстан жоғарыдағы ерекшелігін кәдесіне жаратып, туризмнің туын төмен түсірген емес.

Олар мұнымен тоқтап қал­май­ды. Өйткені тұжырымда­ма­ға сәйкес, 2025 жылға қарай келетін шетелдіктер санын 9 млн адамға, ал туристік қызмет көрсету экс­портын 2,2 млрд долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қа­зақ­стан көрікті жеріне жет­кі­зетін жолды жөндей алмай жат­қанда, өзбек туризмі өркендеп тұр.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ