Елбасы Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Елбасы Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
107
оқылды
Елбасы көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай желідегі парақшасында жазды. «Нұрсұлтан Назарбаев оның қазақ поэзиясының дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтіп, ақынның жарқын бейнесі мен өнегелі ғұмыры ел жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді», – делінген хабарламада. Бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында қайтыс болғанын жазған болатынбыз.