Сый – мың кітап
Сый – мың кітап
181
оқылды

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана қоры құнды мың кітаппен то­лық­ты. Оны «Атамұра» кор­порациясы сыйға тартты.

Табысталған кітаптардың қатарында «Атырау», «Қараған­ды», «Маңғыстау», «Ақмола», «Астана» сияқты аймақтық энциклопедия, белгілі қазақ ғалымдарының және қоғам қайраткерлерінің еңбектері мен тарихи дүниелер бар.

– Көпшілік бізді оқулық шыға­ратын баспа ретінде біле­ді, шын мәнінде «Атамұра» кор­порациясы – көпсалалы, поли­графияның барлық түрі­мен айналысатын бірнеше мекеменің басын қосқан үлкен корпорация. Соның бір саласы – көркем әдебиет шығару. Бүгінде екі сериямен кітаптар шығару жалғасып жатыр. Біріншісі, «Атамұра кітапханасы» деп аталады. Ол ұлы Абай атамыз, М.Әуезовтен бастап қазіргі классик жазушыларымыздың еңбектерімен жалғасын табуда. Екіншісі, «Атамұра мектеп кітапханасы». Бүгін баспада жарық көрген құнды кітаптарды әкеліп отырмыз. Бұл іс өзге баспаларға да үлгі болса деген тілегіміз бар, – дейді «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед.

Бүгінге дейін «Атамұра» кор­порациясы еліміздің Тұң­ғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың қазақ және орыс тілдеріндегі «Ғасырлар то­ғысында», «Тарих толқынын­да», «Сындарлы он жыл», «Бей­біт­шілік кіндігі», «Еуразия жүре­гін­де» атты кітаптарын басып шығар­ған. Сондай-ақ «Атамұра кітапханасы» сериясымен 150-ден астам ақын-жазушылардың туын­дылары, балалар әдебие­тін қолдау, насихаттау мақса­тын­да «Атамұра мектеп кі­тап­­ханасы» сериясымен бүл­­дір­­шіндерге арналған қа­зақ және орыс тілдеріндегі көр­кем безендірілген кітаптар, ер­те­гі­­лер, мектеп жасындағы ба­ла­л­арға арналған танымдық кітап­­шалар басылып шыққан.

– Аталған кітапханаға күн­делікті 3 мыңнан аса оқыр­ман келеді. Қорда 122 тілде жазыл­ған 7 миллиондай кітап бар. Оқырмандардың 70 пайызы жастар. Сондықтан қазіргі заманғы кітаптарға сұраныс жоғары, оның ішінде тарихқа, салт-дәстүрге қатысты көп іздей­ді, – дейді Ұлттық кітап­хананың директоры Бақыт­жа­мал Оспанова.

Ал мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезов кітапханаға сыйға тапсырылған кітаптардың сапа­сы да, мазмұны да жоғары еке­нін айтып өтті.

 

Әділ БЕК