Полиция қызметкерлері қылмыс үстінде ұсталды

Полиция қызметкерлері қылмыс үстінде ұсталды

Атырау облысында тәртіп сақшылары  есірткімен ұсталды. Өңірлік полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.  Полицейлерді ұстау сәті  Yedilov Online Telegram-каналында жарияланған.

"Атырау облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы техникалық қадағалау бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарымен ұсталды", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ екі күдіктінің тегі аталған. Өңірлік ПД баспасөз қызметі полицейлердің ұсталуына қатысты пікір білдірді.
"Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деп атап өтті ведомстводан.
Атырау облысы ПД жеке қауіпсіздік басқармасы басшысы Ерген Төлемісов брифинг барысында полиция қызметкерлері ұсталғанын растады.
"14 ақпанда жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, Атырау-Доссор автожолында Атырау облысы полиция департаментінің екі қызметкері тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүргені үшін ұсталды", – деді полиция полковнигі.
Тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.