Халық үніне құлақ асты
Халық үніне құлақ асты

Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары қоғамдық қабылдау өткізіп, халықтың үніне құлақ асуда. Сондай кездесудің бірі Қазығұрт ауданында өтті.

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінде аудандық мәслихат депутаты Бекболат Бердалыұлы тұрғын­дармен бетпе-бет жүздесті. Қа­был­дауға келген азаматтар өті­ніштері мен талап-тілектерін айт­ты. Шарбұлақ ауылының тұр­ғыны Ә.Қамбарбеков тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан батырлар ұмыт қалмаса, мектеп­терде іс-шаралар өтсе, соғысқа қа­тысқан батырларға билбордтар ілінсе деген өтінішін білдірді. Ал Қазығұрт ауылының тұрғыны Н.Мәліков әлеуметтік жағдайы­ның төмендігіне байланысты комму­налдық шығындарын бөліп төлеу жөнінде өтініш айтты. Сонымен бірге Қазығұрт ауылы­ның тұрғыны Ф.Ботантаева ақылы қоғамдық жұмысқа орналастыруға көмек сұраса, Г.Бегімқұлова әлеу­меттік көмек берілсе деген ойын жеткізді. Қызылқия ауылының тұрғыны З.Битабарова отбасылық мәселе бойынша заңгерлік кө­мекке жү­гінді. Қабылдауға келген аза­мат­тардың өтінішінің бірқатары сол сәтте шешімін тапты. Шарбұлақ ауылының тұрғыны Ә.Қамбарбе­ковтің өтініші бойынша аудандық ішкі саясат бөлімімен байланысып, алдағы уақытта билбордтар ілі­нетіні туралы шешім қабылданды. Қазығұрт ауылының тұрғыны Н.Мәліковтің өтініші бойынша депутат «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы, Қазығұрт газ шаруашылығы бө­лімімен сөйлесті. Нәтижесінде, коммуналдық қарызды бөліп төлеуге келісім алынды. Қазығұрт ауылының тұрғыны Ф.Ботантаеваның өтініші бо­йын­ша жергілікті атқарушы орган­дар­мен сөйлесіп, бос орындар болған жағдайда хабарласатыны айтылды. Қабылдауға келген Г.Бегімқұло­ва­ның өтініші қанағаттан­ды­рылды. Оған әлеуметтік көмек көрсетілді. Қызылқия ауылының тұрғыны З.Битабароваға «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жан-жақты құқықтық көмек көрсетілді.

Әбілмансұр ЖАСАН