Аналарға қуаныш сыйлады

Аналарға қуаныш сыйлады

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы азаматтарды онлайн қабылдау іс-шарасын ұйымдастырып жатыр. Жергілікті мәслихат депутаттары тұрақты түрде тұрғындармен кездесу өткізуде.

Мысалы, депутат Гүлжан Бекенова өтініш берушінің біріне жұмысқа орналасуына қолдау білдіріп, ал басқа азаматшаның мәселесі бойынша баланы оқыту үшін істен шыққан планшетті ноутбукқа ауыстыруға көмектесті. Нұротандық депутаттар Арманжан Байтасов пен Әміржан Нәбиев әлеуметтік көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, несиелік қарыздар, сондай-ақ тұрғын үй, АӘК, ШОБ қолдау және меди­цина мәселелерін қарады. Осылайша, өтініш беруші Р.Қыдырбаева алаяқтық фактісі бойынша ұжымдық шағыммен жүгінді. Нәтижесінде, депутат ау­дандық прокурор, Алматы қа­ласы ПД бастығының орынба­са­ры және Тергеу басқармасының шақыруымен қосымша қабылдау ұйымдастырды. Аталған сұрақ­тың тергеу жұмыстары прокурор­дың жеке бақылауында. Жалпы, жыл басынан бері депутаттар 30-дан астам қабылдау өт­кізіп, 200-ге жуық өтінішті қа­рады. Сұрақтардың жартысынан көбі оң шешімін тапты.

Әбілмансұр ЖАСАН