Шаңғыдан әлем чемпионаты аяқталды
Шаңғыдан әлем чемпионаты аяқталды
114
оқылды

Финляндияның Вуокатти қаласында шаңғымен жары­судан жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионаты өтті.

Жарыс нәтижесіне келсек, ел құрамасы аралас эстафетада  17 құраманың ішінен 15-орынға ие болды. Олар  жеңіске жеткен Норвегия құрамасынан 4 минут 50 секундқа қалып қойды. 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Айша Рақышева көрсетті. Ол сайыс қорытындысы бойынша 28-орын алды. Тарқатып айтсақ, Елизавета Толмачева 53-ші, Мария Геращенко 57-орында тұр. Ал Мария Тиятова мәреге жете алмады. Ерлер арасында 30 шақы­рымға классикалық әдіспен жарысудан Темірлан Рамаш 53-орыннан көрінді. Темірлан Төлегенов 60-шы, Рамиль Шамсутдинов 62-ші, Ілияс Исабек 71-ші сатыға жайғасты.  Ал жалпы есеп бойынша, ерлер арасындағы эстафетада Қазақ­стан командасы 17-орынға табан тіреді.

Айбике ЖАНАСЫЛ