Қырғызстанда жер сілкінді
Қырғызстанда жер сілкінді
87
оқылды

«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 10 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 06 сағат 07 минутта ( Гринвич бойынша 00.07) жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Сейсмологтар хабарлағандай, зілзала ошағы – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 414 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 8.5.

MPV магнитудасы – 3.8.

Тереңдігі - 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ.