Мұғалімдердің ақшасын «Қазпошта» қызметкерлері қажетіне пайдаланып келген  
Мұғалімдердің ақшасын «Қазпошта» қызметкерлері қажетіне пайдаланып келген  
111
оқылды

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, биыл 12 ақпанда Қорғалжын аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 74 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, 2016 жылдың көктемінде «Қазпошта» бөлімшесінде 200 мың теңге сомасында демалыс ақысын төлемегенін айтқан.

Анығы, 2016 жылы зардап шеккен адам еңбек демалысының ақшасын алуы керек болған. Алайда мұғалім демалысқа шыққаннан кейін ол қалаға кетіп, ақшасы туралы ұмытқан. Кейін елге оралған соң, бірнеше жыл өткен соң еңбек демалысы ақшасын алмағаны есіне түседі. Сөйтіп, қарт мұғалім полициядан араша сұрайды. Полицейлер күдіктілерді анықтады. Олар – 2016 жылы «Қазпошта» филиалының кассирі болып жұмыс істеген 39 және 52 жастағы Қорғалжын ауданының тұрғындары.

2016 жылдың шілдесінде әйелдер бөтен адамдардың ақшасын алып, мұғалімдерге бермей, өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды. «ҚазпоштаQUOT» филиалының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Малышеваның iPhone-ы жоғалғаны үшін «Қазпоштада» тексеріс басталғанын жазған болатынбыз.