Алматыда пышақ ұстап аласұрып жүгірген ер адам психдиспансерге жеткізілді (видео)

Алматыда пышақ ұстап аласұрып жүгірген ер адам психдиспансерге жеткізілді (видео)

Алматыда психиатриялық диспансерде есепте тұрған ер адам дүкеннің сатушысы мен өтіп бара жатқан адамға пышақ ала жүгірген, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Оқиға 8 қаңтар күні Достық ықшамауданында орналасқан базарда болған.

Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне жас мөлшері 25-30 жастағы ер адамның кетіп бара жатқан және дүкен сатушысына пышақ ала ұмтылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция: «Жедел іздестіру шарасын жүргізу кезінде күдікті ретінде ер адам ұсталды. Ол 2011 жылдан бастап психиатриялық диспансерде параноидтық шизофрения диагнозымен есепте тұрған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы пышақпен шабуыл жасаған ер адамды Алматы қаласының «Психикалық денсаулық орталығына» жеткізді», – деп хабарлады.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

https://youtu.be/rk77ZQtIOmk