Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1353 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Анар станциясы аралығындағы жолда барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

Сонымен қатар Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1353-1426 шақырымы, Анар станциясынан Теміртау қаласына дейінгі аралықта барлық көлік үшін жол жабылды.