Бүгін бірнеше өңірде көктайғақ, тұман болады

Бүгін бірнеше өңірде көктайғақ, тұман болады

Қызылорда және Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола облысында тұман, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Қарағанды облысында тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Маңғыстау облысында көктайғақ болады.