Ұл болсын: қыздың ұлдан несі кем?
Ұл болсын: қыздың ұлдан несі кем?
457
оқылды

«Топырлатып қыз тудың» деп жаз­ғыратын тума-туыс пен «Күйеуі­ме бір ұл сыйлай алмадым» деп өзін кінә­лайтын әйелдер бар. Қазақы қо­ғамда ұрпақ жалғастырушы ұлдың орнын ай­қын­дап, әлдеқайда жоғары қоятын таптаурынды жоққа шығара ал­маймыз. Бұл мәселенің ажы­расуға басты себеп болу-бол­мауы­на қатысты нақты зерт­теу жүр­гі­зіл­ме­ген. Әйтсе де, мұндай психо­логиялық қы­сымның шаңы­рақ шай­қалтқан кезі аз емес.

Әлқисса, бір кісінің 8 қызы бо­лыпты. Әу бастан ұл күткен олар қыздарының есімін Ұлбосын, Ұлжан, Ұлкеледі, Ұлкүтем, Ұл­ту­сын, Ұл­мүмкін, Ұлма, Ұлқайда деп қойыпты. Содан күндердің кү­­нін­де әйелі тағы бір рет құрсақ кө­­­тереді. Тоғызыншы қызы өмірге кел­генін естіген әкесі атын Шар­­­шадым деп қойыпты де­­седі. Ра­­сында, ұрпақ жалғастырушы бір ұл келсін деген ниетпен түбірін Ұлдан басталатын есім қоятын тренд бұрыннан бар. БҰҰ Қазақстандағы әлем халқы қоры (ЮНФПА) елі­мізде есімінің түбірі ұлдан бас­­та­латын әйелдерді санап шығып­ты. 1905-2019 жылдар аралығында 75 400 қызға түбінде ұл қалаған ниеті бар есімдер қойылған. ЮНФПА зерттеуіне үңілсек, Ұлболсын аталған қыздардың 53,6 пайызы ауылда дүниеге келген екен. Жалпы, түбірі ұқсас мұндай есімнің 300-ге тарта вариациясы бар. Заманға қарай кей есімдер ө­здігімен шетке шығып қалады. Мы­салы, бүгінде соңы «бай» деп аяқталатын аттар аз кез­­деседі. Ал Ұлболсынға ұқсас есім­дер легі әлі өзекті. Бірақ бір бай­­­қағанымыз, әр он жыл сайын қыз­­дарына түбірі ұлдан басталатын ат қоятындар бір­­­­тіндеп азайып келеді. Мәселен, 1990-1999 жылдар арал­­ы­ғында 13 803 есім тіркелсе, 2010-2019 жыл­дар­да 12 264-ке төмендеген. Ұлдан басталатын есімді қыз­дарына жиі қоятын оңтүстік өңірі екен. Соның ішінде Алматы, Жам­был, Қызылорда, Түркістан облыс­тары, Шымкент және Алматы қалаларында мұндай есімі бар қыз­­­дар көп. Үлес салмағы бүкіл рес­­­­публикаға шаққанда 69,6 пайыз болады. Батыс өңірде 16,3 пайыз, ор­талықта 8,4 пайыз екен. Ал мұн­дай есімді аз қоятын аймақтар – Солтүстік-Шығыс өңір. Мысалы, Шығыс Қа­зақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстандағы түбірі ұлдан баста­­латын ныспысы бар қыз­дардың үле­сі – 5,7 пайыз. Мұндай ырымның қырын кетуі де жиі кездеседі. Өйткені баланың жынысына оған дейінгі бауыры­­ның есіміне еш байланысты емес. Деген­мен әркімнің ішкі сенімі мен үмітіне тосқауыл болуға құқы­ғы­мыз жоқ. Бірақ талқылауға тиіс та­­қырып – арада ұл болмауына байланысты ажы­расу. Ресми түрде ажырасу себебі ретінде мұны айтуы екі­­талай. Нұр-Сұлтан қаласы Ал­­­­ма­­­­ты аудандық сотының отбасы істері бойынша судья­сы Айгүл Мол­дыбаева бұл себептің тіркел­­ме­генін айтып отыр. «Отбасы со­тына» ажырасуға бе­кінгендер ке­леді. Бүгінге дейін қыз туғаны үшін екіге кетуге шешім қа­был­да­ған­дарды өз тәжі­­рибемде кездестір­медім. Әйтсе де, бала тәр­­биесіне қатысты келіспеу­шіліктер бола­тынын атап өту керек. Яғни, ерлі-зайыптылар арасында бала үшін ұрыс-керіс көбейіп, соңында ажы­расып жатады», – дейді Молды­баева. Бала тәрбиесіне қатысты ке­­ліс­пеушіліктердің ажырасуға себеп бо­луы Қазақстанда ғана емес, бү­кіл әлемде бар тенденция. Осы орай­да The Economist зерттеуінің нәтижесіне көз салайық. Жақында жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, қы­зы бар отбасылардың ажырасу жиі­­лігі жоғарырақ екен. Бұған ұқсас зерттеу жұмысы сонау 80-жылдары жасалған екен. Бұл тео­­рияны амери­калық ғалымдар да растаған. Бірақ аздаған айыр­ма­шылық бар. Яғни, бұрын қызы бар жанұялардың жиірек ажырасуы мұрагердің болмауымен байланыс­тырылатын болса, қазіргі зерттеу нәтижесі – қыз тәрбиесіне байла­ныс­ты келіспеушіліктерден. Соң­­­ғы қорытындыны жасаған – Мель­бурн университетінен Ян Каба­тек пен Джродия университетінен Дэвид Рибар. АҚШ пен Нидер­ландта зерттеу жүргізген олар бала­ның жы­ны­­сын ғана емес, жасын да есепке алыпты. Ғалымдардың айтуынша, үйдің тұңғышы, қыз бала 12-ге таяған кезде түрлі дау-дамай туа бастайды екен. Себебі жасөспірім шақта олар­дың бойында көп өзгеріс бай­қалады. Со­ның ішінде, мінезінің құбылып, достары пайда болып, кей­бірі жігіт­­пен кездесе бастайды. Одан қала берді, киім киісі мен айналысатын ісіне қатысты да ата-аналар жиі сөзге келеді екен. Зерт­теу барысында жа­салған сауалнама нәтижесінде, әке­лердің көпшілігіне жас­өспірім қызының қылықтары жүй­­кеге тиетіні белгілі болған. Со­ның салдарынан анасында күй­зеліс пайда болып, ажырасу тура­лы ойға ала бастайды. Бір қызығы, осы зерттеу барысында ғалымдар мынадай қызық дерекке тап бо­лыпты. Әкесі бала кезінде әпкесі­мен қатар өссе, қызының қылық­тарына түсіністікпен қа­райды екен. Өйткені мінезінің құбылуы, өз­герістердің бә­рін қызынан бұ­рын әпкесінің бойы­нан көріп өсе­ді. Соған байла­нысты келіс­пеу­шілік те аз болады-мыс. Ал енді 80-жылдардағы зерт­теудің қорытындысы қазір орта­­­азиялық отбасылардың біразына әлі де тән. Өйткені осы аймақ үшін ұл­дың орны бөлек. Яғни, қайта-қайта қыз өмірге келе берсе, әйелді кі­нәлап қуып жіберу, болмаса оның өзі тарапынан осындай ұсыныс айтуы жиі кездеседі. Кейіп­­керіміз Жанбота Әділбек (аты-жөні өзгертілді – авт.) өз еркімен күйеуімен ажырасқан. «Жолда­сым­мен 10 жыл отастық. Сол уақыт ішінде 2 қызымыз өмірг­­­е келді. Екеуінен кейін құрсақ көтера алма­дым. Күйеуімнің туыс­тары тара­пы­­нан «бауырымыз бір ұлды бола алмады» деген сөзді көп естідім. Ал жолдасым болса, он­­дайға мән берген емес. «Құдай қа­­­ласа, ұл да болар. Болмаса, оған да тәубе» дейтін. Бірақ қанша ты­­­­­­рысқанмен, құрсақ көтере ал­ма­­ғандықтан, күйеуіме кеш бол­май тұрып, басқа әйел алуға кеңес бер­дім. Басында келіспегенімен, кейін ажы­расуға шешім қабыл­­­­­­­дадық. Екінші рет үйленді. Ол не­кесінен екі ұл, бір қызы бар. Жал­ғызбасты ана болған оңай емес. Бірақ күйеуім көмектесіп тұрады. Қыздармен ара­ласады. Бәл­кім, ұлды болып, ұрпа­ғының жал­ғасқаны да дұрыс болған шығар деп ойлаймын», – дейді ол. Ал Венера Құдіреттің (аты-жөні өзгертілді – авт.) төрт қызы бар. Бүгінде бесіншісіне жүкті. «Шыны керек, қанша жерден ұл не қыз болса да, дені сау болсын де­­­­генімізбен, ұлды күтетініміз рас. Өз басыма еш қысым жасалған емес. Бір жағы «әлі жас­­­сыңдар, ұл­­ды боласың» дегенді көп ести­мін. Жынысын білуге аз уақыт қал­­ған сайын жүрегім жиірек со­­ғып кетеді. Тағы да қыз болатын сияқты фобия қалыптасып қалған. Асылық айтқан болып қалмайық деп те қор­қамыз. Әйтсе де, ұл болса деп ті­леймін», – дейді Венера. Артынан ұл ермеді деп өзін кі­нәлі сезінетіндер бары рас. Әйтсе де, өмірге кімнің келуі тікелей әйел­­­ге байла­­­нысты болмайды. Тіп­ті, бүгінде «ұл жоспарлап бе­­ретін» түрлі күн­­тізбелер мен есеп­теу әдістері де шық­қан. Алаяқ­­­­тықпен айналысып, талай әйел­­дің ақшасын қалтасына басып жат­қандар баршылық. Ислам діні кел­генге дейінгі араб қоғамында қыз баласынан ұлды артық көретін, қыз­ды болғанына күйінетіндер көп бол­ған. Мұның асқынғаны сонша, араб­­тардың арасында дүниеге енді көзін ашқан қыз шарананы тірідей өлімге қиып көміп тастайтындары да кез­десетін. Арабтардың атал­мыш жиір­кенішті әрекеттері Құ­ран Кә­рімнің бірнеше аяттарында сынға алынған. «Кейбіреулері қызды бол­ғанын естігенде, ашудан жүздері тү­тігіп, түнеріп кететін. Бұн­дай «жа­ман» ха­бардың салда­рынан ел көзі­нен тасаланады. Бұл қорлыққа шы­дап, оны асырап-бағу керек пе, жоқ әлде топыраққа көміп тастаған дұрыс па? Қараң­­­даршы, берген үкімдері қандай жаман?!» делінген. Бүгінде үл­кен­дер­ден «қызықты қыздан көр­­дік» дегенді де естіп жатамыз. Де­мек, ба­ланың жынысы емес, оның тәр­биесі мен көргені әлдеқайда маңызды.

Жадыра АҚҚАЙЫР