Жазба авторы Руслан Лазутаның айтуынша, саунада отырғандар – полицейлер. Бұл туралы zakon.kz жазды.
Руслан Лазута Instagram-дағы парақшасында фотода Семей қаласының орталық полиция бөлімі полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Ришат Сұңғатов және учаскелік инспекторлармен бірге саунада отырғанын жазған. Оның айтуынша, биыл қаңтарда карантинге қарамастан, «жаңа басшының лауазымды қызметке тағайындалғанын тойлау» үшін жеке құрамның барлығы жиналған. Фото саунада түсірілген. Жазбаға қатысты ШҚО Полиция департаменті тексеріс басталғанын хабарлады.«Шынында да, әлеуметтік желіде тараған фотосуреттерде Семей полиция басқармасының қызметкерлері бар. Бұл дерек бойынша ШҚО ПД Ішкі қауіпсіздік басқармасы ресми тексеруді бастады», – деді департамент өкілдері.
Бұған дейін жол апатынан қайтыс болған жүргізушінің атынан кредит алған полицейлер туралы жазған болатынбыз.