Алматыда ескерткіштер кеміп барады
Алматыда ескерткіштер кеміп барады
172
оқылды

Алматыда көзіміз үйренген тарихи ескерткіштер мен ғи­мараттардың қатары азайып келеді. Өкінішке қарай, қала би­­лігі тағы бірқатар тарихи және мәдени ескерткіштерді ті­зім­нен алып тастауды ұсынып отыр. Электронды үкімет пор­та­­­­лының Ашық үкімет бөлімінде Алматы әкімдігінің «Жергілікті маңызы бар тарихи және мә­дени ес­керткіштерді мемле­кет­тік ті­зімнен шығару тура­лы» қау­лысы жобасы жа­­­­рияланды.

Олардың қатарында қандай ны­­сандар бар? Алдымен ауызға ала­рымыз – Республика алаңын­­дағы ар­­­­­­хитектуралық ансамбль. Зама­­­нын­да еліміздің бас алаңын­дағы бұл сәулет өнеріне менмін деген сәулет­­шілер атсалысқан. Ескерткіштен  1996 жылы бой көтерген Тәуел­сіздік монументі ғана жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ес­керткіштер қа­тарында қалды­рылмақ. Келесі ке­зекте – «Жетісу» қонақ үйі. Сәу­летшілер Е.Дятлов пен До Сен Ким­нің жобасы бойын­ша 1963 жылы салынған, Абылай хан даңғылы мен Мақатаев көшесі қиылысында орналасқан тарихи нысанның бұл тізімнен алынуының сыры бар. 2016 жылы өртке оранған қонақ үй өзінің тарихи сән-сал­танатынан айырылып, оның ор­­нына жаңа ғимарат бой көтерді. Тізімнен 1981 жылы тұрғызылған Саяси ағарту үйі де сызылып қалуы әбден мүмкін. Қазір бұл жерде Кас­пий университеті орналасқан. Өкі­ніштісі, бүгінде мұнда тарихи ар­­хитектуралық ансамбльдің жұр­нағы да қалмаған. Ғимарат және оның маңы адам танымастай жаңар­тылып, «Бақбақ» субұрқағы жойылған. Қала әкімдігі қаулы жобасында бірқатар ескерткіштерді жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер қатарына қосу жайлы да ұсыныс бар. Атап айтар болсақ, Тұңғыш Президент саябағы, «Ал­маты Арена» спорт кешені, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, бұрынғы Жоғары партия мектебі ғимараты (қазіргі КИМЭП уни­верситеті), Желтоқсан – Тимирязев көшелері қиылысындағы студия кешені, бұрынғы Түрксіб ауру­ханасы мен мединститут жатақ­ханасы (қазіргі «Алтын ғасыр» биз­нес-орталығы), Әбілхан Қастеев музей-үйі бар. Мың жылдан астам тарихы бар шаһардың көрнекті ескерткіштері мен ғимараттарын көздің қара­шығындай сақтап, ертеңгі ұрпаққа ама­­наттау қажет. Әр жылдары қалада түрлі ескерткіштер бой кө­теріп келеді. Жергілікті билік он­­даған ескерткішті қамқорлыққа алып, бас-көз болу туралы да ұсы­ныс айтып отыр. Кейінгі жылдары елдің көзқуанышына айналған «Тәуелсіздік таңы» монументі, ба­тыр­ларымыз Бауыржан Мо­мыш­ұлы, Райымбек Хангелдіұлына, ақын Сүйінбай Аронұлына, жазушы Әди Шәріповке, қытай ақыны Си Синхайға арналған ескерткіштер жергілікті биліктің қамқорлығына алынады. Қалада өткен ғасырдың 80-жыл­дары мемлекеттің қорғауына алын­ған ескерткіштің саны небәрі 77 болған. Қазір 130-дан астам сәулет ескерткіші респуб­ликалық және жергілікті маңызы бар ғима­раттар тізіміне енген. Олардың қа­тарында «Қазақстан» қонақ үйі, Республика сарайы, Цирк ғима­раты, Оқушылар сарайы сияқты көптеген қайталан­байтын сәулет нысандары бар. Алай­­­да мамандар тарихы терең Алматыда ерекше үйлер өте көп екенін айтады. Қала­дағы бірегей тарихи нысандарды түгендеп, олардың картасын жа­саған Аrchcode Almaty қоғамдық ұйымы 757 ерекше ғимаратты мем­лекет қамқорлығына алу жөнінде ұсыныс жасаған. Олардың қата­­­рында Достық даң­­­ғылы бойындағы «Үш батыр» тұрғын үй кешені, Құр­­­­манғазы көшесі мен Назарбаев даңғылының қиы­­­лысындағы бұ­рын­­­­­ғы «Пионер» дү­кені орналасқан ғимарат бар. Қаланың өткен ғасыр­дағы кел­бетінен хабар беретін бұл ғи­ма­раттардың бастапқы қалпын сақ­тау – басты парыз. Кеңес дәуірі идеология­­сы­ның символына айналған В.Ле­­­­­­ниннің 2 ескерткіші, П.Ви­ноградовтың кеуде мүсіні, Қазан революция­сы күрескерлеріне арналған ес­керткіш, М.Фрунзе, М.Ка­ли­ниннің ескерт­­­кіштері тарихи құн­дылығы мен саяси маңызын жо­ғалтқан. Деген­мен бұл мүсіндер ке­зінде атақты мүсін­шілердің қолынан шыққанын ұмытпауымыз керек. Мүсіндер қазір қаланың көрнекті жерлерінен алы­нып, Әуезов ауданында саябақ­қа ор­наластырылған. Бұл жер келе­шекте Кеңестік мүсін саябағына ай­налуы мүмкін. «28 гвардияшыл-панфилов­шы­лар саябағындағы Нұрлан Дал­байдың Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіші – өте сәтті шыққан туын­­­­ды. Бұл мүсін маған ұнайды. Оның жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер қата­рына қосылып, мемлекет қамқор­лығына алынуы құптарлық іс. Әуе­зов ауданындағы саябақта Кеңестер Одағы кезіндегі белгілі тұлғалардың мүсіндері жи­налып тұр. Ол біздің тарихымыз, сондықтан мүсіндерді сындырмай, бүлдірмей сол қал­пында сақтап қой­ғанымыз дұрыс. Мәселен, Италияға барсаңыз, бір­неше ғасыр болған талай мүсін сол күйі сақталып тұр. Біріншіден, ол өнер туындысы. Сосын, әр мү­сіннің өзінде қаншама адамның еңбегі жатыр. Өкінішке қарай, Алматыда тарихи нысандар азайып кетті. Вокзал, Оқушылар сарайы, «Қазақ­стан» қонақ үйі сияқты тарихи ғи­мараттар мүм­кіндігінше сол күйінде сақталып қалуы керек. Өткен ға­сырдың 70-80-жылдары көптеген ғи­­марат ерекше архи­тек­турамен салынды. Олар тарихи ес­­­керткіштер тізіміне қосылуға әбден лайық», – деді мү­сінші, «Құр­мет» орденінің иегері Мәлік Жү­нісбаев. Таяуда өткен баспасөз мәсли­хатында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ал­дағы уақытта М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына жаңар­ту жұмыстары жүргізілетінін, ғимараттың тарихи қалпын сақтап қалу басты назарда болатынын айтты. Расымен де, қаладағы ғи­ма­раттардың тарихи кескін-кел­бе­тінен айырылып қалмауын қадаға­лаған жөн.

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ