Жамаубаев Қазақстанда 674 нысан сатылатынын айтты
Жамаубаев Қазақстанда 674 нысан сатылатынын айтты
119
оқылды

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған жоспары  бойынша мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік сектордың 674 нысанын өткізу көзделген.

«Оның ішінде республикалық меншіктің 8 объектісі, коммуналдық меншік – 448, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар – 65, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі 153 объекті бар. Бас компаниялардың еншілес ұйымдарын қосқанда жалпы 736 объекті бар. 1 ақпанда 384 объектінің Жол картасы бекітілді. Республикалық меншіктің 8 объектісін өткізу бойынша дайындық жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 7 объект – 2021 жылы, 1 нысан 2022 жылы сатылады», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Министрдің айтуынша, әлі 290 объектінің жол картасы бекітілмеген. Олардың коммуналдық меншіктегісі – 183, ұлттық холдингтер мен компаниялардікі – 39, Әлеуметтік кәсіпкерлер корпорацияларына тиесілі 68 нысан бар.

Бұған дейін әкімнің қолынан баспана кілтін алған өнер адамдарының далада қалуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.