Көкпарға жиналғандарды таратпақ болған полицейге оқ атқандар ұсталды

Көкпарға жиналғандарды таратпақ болған полицейге оқ атқандар ұсталды

Карантин талаптарын сақтамай, көкпарға жиналғандарды учаскелік инспектор таратпақ болған. Сол сәтте топ ішінен белгісіз біреу шолақ мылтықтан аспанға оқ атып, артынша көлікке мініп, қашып кеткен, – деп хабарлайды AstanaTV.

Төрт күдікті мінген көлікті полицейлер Қазығұрт ауданы орталығынан тоқтатты. Тексеру кезінде олардың сөмкесінен 16 калибрлі  шолақ мылтық, оқ-дәрілер алынды. Полицейлер ұсталғандардың үйін тінтіп, бірнеше қару тапты.

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Сұлтанбек Үсіпбеков: «Екі травматикалық тапанша және бір ұңғылы тіркелмеген заңсыз қару тәркіленді. Күдіктілердің Қазығұрттағы бұзақылық әрекеті дәлелденіп, төртеуі де қамауға алынды», – деді.

Тергеу басталды.