«Жолаушылар тасымалы» компаниясының мәліметінше, 14 ақпанда жолаушысы Анастасия Гранкина «Тараз – Павлодар» бағыты бойынша жолға шыққан.
Жол бойында Киік-Босаға учаскесінде жолаушы №11 вагонның жолсерігі Ұлтуар Ибрагимовадан көмек сұрап, жүктіліктің тоғызыншы айында екенін айтқан.Дәрігерлер стансада анасы мен баласының денсаулығын тексерді.«Пойыз бригадасының қызметкерлері босанған әйелге алғашқы көмек көрсетті. Жақын стансаға жедел жәрдем шақырды. Пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен штаб вагонының кезекші жолсерігі Зина Күнісбаева жолаушының босануына көмек көрсетті. Сағат 14.53-те Ақадыр стансасына таяған кезде жолаушы әйел босанды. Сәбидің есімін Әмина деп қойды» делінген хабарламада.
Босанған әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Ары қарай жол жүріп кетті.