Ұшақ апаты: Комиссия алдын ала болжамды жариялады
Ұшақ апаты: Комиссия алдын ала болжамды жариялады

Төрт нұсқа таңдалған.

Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында BekAir әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырау себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамын жариялады.

«Комиссия апаттың мән-жайын талдап, 4 нұсқаны анықтады: біріншіден, әуе кемесіне коммерциялық жүктің тиелуіндегі және ұшақтың тепе-теңдігін бұзушылық, екіншіден метеожағдай секілді сыртқы ықпал, үшінші пилоттаудағы экипаждың қателігі және төртіншісі авиациялық техниканың бұзылуы», – деді Роман Скляр.

Комиссия болған апаттың бірнеше нұсқасын зерттеген. Алдын ала жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ұшақтың суық ауа райы кезінде қолданылатын арнайы сұйықтықпен өңделмегені анықталған

Роман Скляр екі тәулік бойы тұрақта тұрып қалған әуе кемесінің үстіне мұз қатып қалуы мүмкін екенін айтып өтті.

«Болған апаттың негізгі нұсқасы – әуе кемесінің үстіне мұздың қатып қалуы», – деді ол.