Алматыда 50 адам жапа шеккен «L-Капиталдың» иесі ұсталды
Алматыда 50 адам жапа шеккен «L-Капиталдың» иесі ұсталды
115
оқылды

Алматы қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының мәліметтері бойынша жедел іздестіру нәтижесінде, 1962 жылы туған азаматша ұсталды.

«Салымшылардың арызы негізінде ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған едік. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компанияның кеңсесінде тінту жүргізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

Бұған дейін қаржы пирамидасына алданған тұрғындардың шағымы туралы жазған болатынбыз.