«Жолаушылар тасымалы саласы айтарлықтай жаңғыртылды. Бүгін экологиялық таза отынмен жүретін 41 жаңа автобус жолға шықты. №45, №70 сияқты бағыт бойынша қатынайтын автобус паркін жаңартамыз», – деді Б.Сағынтаев.
Сыйымдылығы 90 адамға арналған үш есікті 12 метрлік жаңа автобустарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жылжымалы платформа бар. Автобустар бейнебақылау, жолаушы ағынын есептейтін автоматты жүйе және жүргізушінің жағдайын бақылайтын датчикпен жабдықталған.Жалпы қалада 20 автобус паркі жұмыс істейді. Онда 147 бағыт бойынша қатынайтын 1940 бірлік автобус бар. Соның ішінде 393-і газбен, 14 электр автобус, 160 троллейбус, сондай-ақ мыңнан астамы дизель отынымен жүреді.