Елбасы экс-әкімнің отбасына көңіл айтты
Елбасы экс-әкімнің отбасына көңіл айтты
143
оқылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қайраткері Петр Нефедовтің өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады, – деп жазады elbasy.kz.

«Қарапайым кеншіден республикамыздың ірі индустриалды аймағы – Қарағанды ​​облысының басшысына дейінгі жүріп өткен ұзақ еңбек жолында ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Ол әрқашан өзінің бай өндірістік тәжірибесі және білімімен, жоғары кәсіби шеберлігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Петр Петрович Нефедовтің жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады»,– делінген жеделхатта.

Петр Нефедов Қарағанды ​​облысының әкімі, Энергетика, индустрия және сауда министрінің орынбасары, Энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары, Премьер-министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.