Қарағандыдағы жылу магистраліндегі апат салдарынан үш адам зардап шекті
Қарағандыдағы жылу магистраліндегі апат салдарынан үш адам зардап шекті
120
оқылды
Қарағандыдағы жылу магистраліндегі апаттан зардап шеккен үш адамның біреуі терең күйіктің 50 пайызын алды, – деп хабарлады  ҚазТАГ агенттігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

««Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға 3 зардап шеккен адам жеткізілді. Жағдайларына тоқталар болсақ, 30 жастағы бірінші зардап шегуші ауыр халде, 50% терең күйік алған. Екінші 46 жасар зардап шеккен азамат 18% терең күйік және 27 жасар үшінші зардап шеккенді 12% күйік шалған», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 10 қыркүйек күні  сағат 13: 00-де диаметрі 800 мм М3 жылу магистралінде жедел ауыстырып қосу кезінде су беретін құбырда жарылыс болды, салдарынан 5А павильонын су басқан және Қарағандыдағы 814 көп қабатты үйге жылу беру азайтылды.  

https://youtu.be/wkLB3SQsuuI