Қарағандыдағы жылу магистраліндегі апаттан зардап шеккен үш адамның біреуі терең күйіктің 50 пайызын алды, – деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
««Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға 3 зардап шеккен адам жеткізілді. Жағдайларына тоқталар болсақ, 30 жастағы бірінші зардап шегуші ауыр халде, 50% терең күйік алған. Екінші 46 жасар зардап шеккен азамат 18% терең күйік және 27 жасар үшінші зардап шеккенді 12% күйік шалған», – делінген хабарламада.
Еске салайық, 10 қыркүйек күні сағат 13: 00-де диаметрі 800 мм М3 жылу магистралінде жедел ауыстырып қосу кезінде су беретін құбырда жарылыс болды, салдарынан 5А павильонын су басқан және Қарағандыдағы 814 көп қабатты үйге жылу беру азайтылды.
https://youtu.be/wkLB3SQsuuI