Үйіне кірген америкалық із-түзсіз жоғалып кетті
Үйіне кірген америкалық із-түзсіз жоғалып кетті

Сан-Франциско тұрғыны өз пәтеріне кірген соң құпия жағдайда жоғалып кетті, – деп жазады Mission Local.

50 жастағы Кристофер Войтель 9 қаңтарда жоғалып кеткен. Бақылау камерасы оның өз пәтеріне кіргенін көрсетеді, алайда ер адам одан қайтып шықпаған. Үйде орналасқан камераларға ол түспеген.

Войтельді полиция іздестіріп жатыр, оның отбасы жеке тергеуші жалдаған. Пәтерінен күдіктенетін ештеңе табылмаған. Кіретін есік іштен жабылған.
Туыстарының айтуынша, Войтель соңғы хабарламасында жиеніне өтініш жасаған.
"Өтінем, Лараға  (Войтельдің әпкесі) хабарламаларды тексерсін деп айтшы. Бұл шұғыл", – деп жазған.
Әпкесі інісіне хабарласқанмен, ол телефонына жауап бермеген.
Mission Local жазуынша, соңғы жылдары ер адам жұмыс істемеген және депрессияға түскен. Көршілері оны қолы ашық жомарт адам деп есептейтіндерін айтқан.
Америкалықтың таныстарының айтуынша, бірнеше жыл бұрын ол үйсіз қаңғыбас Буд есімді адаммен танысқан. Айтуларынша, Буд оның жоғалуына кінәлі.
Жеке тергеушінің айтуынша, бір таңқаларлығы ол үйге кіріп, қайтып шықпаған.
"Осы әрекеті түсініксіз", – дейді ол.