Омбудсмен көмек бере ме?
Омбудсмен көмек бере ме?
138
оқылды

Алматыдағы әуе апа­ты­нан зардап шеккен балалар­дың ата-аналары Қазақ­стан­дағы Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Ару­жан Саинге хат жолдады. Бұл жайында уәкіл Facebook парақшасында жазба жариялады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Facebook парақшасында «Әуе апатынан зардап шеккен балалардың бірнеше ата-анасы маған бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде хат жазды. Өтініштер бойынша жұмыс басталды» деп жазды.

Аружан Саин Президенттің тапсырмасы бойынша әрбір ба­ланың отбасы жағдайы туралы мәлімет жинақталатынын атап өтті. Оның ішінде еңбекке қабі­летін жоғалту қаупі бар немесе ата-анасы әуе апатында қаза тап­қан балалардың жағдайы жайында толық тексеру жүреді.

«Біз балалар құқығын қорғау бойынша барлық шараны қолға аламыз. Бала құқықтары жөніндегі конвенция бойынша жүгіну қажет деп тапсаңыздар, жәбірленуші­лердің атына ресмихат жазуды сұраймыз» деп Аружан Саин үндеу тастады.

Сондай-ақ омбудсмен бала­ларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығынан стационар­лық емдеу курсынан өткен 2 бала­ның амбулаториялық емдеу бөлі­міне ауысқанын жазды.

«Осыған дейін 7 бала амбу­ла­ториялық емдеу бөліміне жіберілді. 2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air компаниясының ұшағы апатынан кейін ауруханаға түскен тоғыз бала жазылып шықты. Олардың жағ­дайы туралы барлық ақпарат ба­лалар тіркеуде тұрған емха­наларға жіберілді. Балаларға көмек көрсет­кен барша дәрігерге алғыс айта­мыз. Кішкентай емде­лу­шілер то­лығымен сауығып кет­сін» деп жазды ол Facebook па­рақшасында.

Сонымен бірге А.Саин ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың денсаулығына зиян келтіруге қатысты сақтандыру төлемдері бойынша нұсқаулық барын айтты. Олар Amanat сақ­тандыру компаниясымен байла­ныста екенін, барлық сұрақ бо­йынша компаниямен хабарласу керегін нұсқады.


Айбике ЖАНАСЫЛ