15 жастағы жасөспірім қорада асылып қалған жерінен табылды
15 жастағы жасөспірім қорада асылып қалған жерінен табылды
Темір ауданы Кеңқияқ ауылында әкесі үйдің ауласындағы қорадан 15 жастағы ұлын асулы күйінде тауып алды, – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі. 
«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қораны тексеріп шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның себебі анықталуда», – делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.