Әке 30 жыл іздеген баласын газет арқылы іздеп тапқан
Әке 30 жыл іздеген баласын газет арқылы іздеп тапқан
131
оқылды

Туыстары баланы 30 жыл бойы балалар үйінен және "Күт мені" бағдарламасы арқылы іздеген, алайда  «Диапазон»  газеті арқылы іздеп тапты. 

Ақтөбелік волонтер Жолдас Белокосов –  «Актобе, демал!» жобасының белсенді қатысушысы. Жас жігіт ағаш отырғызып, жануарларды құтқаруға көмектеседі.  Өмірге құштар жігіттің  балалық шағы қиын болғанын екінің бірі біле бермейді. Ол  Тамдин балалар үйінде өскен, кейін Жайсанда тәрбиеленген.
"Анаммен көріспегеніме бірнеше жыл өтті. Әкем қайтыс болған деп айтты. Туыстарымды іздеп көрмеппін. Керек болмасам, оларға масыл болмайын деп ойладым. Соңғы жылдары атамды көргім келді", – дейді  Жолдас.

Жолдасты әкесі жағынан туыстары көп жыл іздеген. Анасы оны бір жасында алып кетіп, тегін өзгерткен, байланыс үзілген. Жігітті 30 жылдан астам уақыт іздеген туыстары «Диапазон» газеті арқылы іздеп тапқан.

Жолдастың ата-анасы Өзбекстаннан Ақтөбе облысының ауылына көшіп келген. Көп ұзамай олар ажырасып кеткен.
«90 жылдары оны соңғы рет көрдік.Мен оның жалғыз суретін тауып алдым, онда жасы 6 айлық болатын», – дейді тәтесі Балзипа.