Алматыда жүк көлігінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда
Алматыда жүк көлігінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда
99
оқылды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жүк көліктерінің ауаға зиян қалдықтарын азайту жөнінде қандай қосымша шаралар жоспарланып отырғанын айтты, – деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Қоршаған ортаға техногенді жүктемені азайту жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Қоғамдық және коммуналдық автопарктерді экологиялық таза отынға ауыстыру жұмысымен қатар транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мүмкіндігін де зерделейміз. Жүргізілген мониторинг бойынша қалаға тәулігіне 17 мыңнан аса жүк көлігі кіретінін көрсетті", – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Полиция департаменті мен Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ көлік пен коммуникация ҒЗИ мамандары тартылған.