Қандастар қатары азайды
Қандастар қатары азайды

Шетелде тарыдай ша­шылып жүрген қа­зақтардың атажұртқа оралуы кейінгі жылдары бәсеңдеді. Бұған ұрпақтардың ауысуы да ық­пал етуде: шетелдік жаңа қа­­зақтар Қазақстанмен бай­ланысын сезінбейді, бола­шағын респуб­ли­камызбен байла­ныстыр­майды. Нә­тижесінде, 2021 жылдың ба­сынан бері 800-ден аса эт­никалық қазақ қана қандас мәртебесін алған.

Айта кетсек, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың­дай адам атамекенге оралған екен. «Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 877 адам тарихи Ота­нына оралып, қандас мәр­тебесін алды. 1991 жылдан бергі 30 жылдай уақыт ішінде респуб­ликаға бар­лығы 1 миллион 71,2 мың этни­калық қазақ оралды. Биыл жыл басынан Қа­зақстанға келген қан­дас­тардың жартысынан астамы 65,9% – Өзбекстаннан, 19,3% – ҚХР-дан, 6,3% – Түркіменстаннан, 4,2% – Моң­ғолиядан және 4,3% басқа ел­дерден келген», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігі. Келген этникалық қазақтар негізінен оңтүстікті таңдады: Алматы (40,9%), Маңғыстау (12,5%) және Түркістан (6%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (6%) және Шымкент (16,9%) қалаларында қо­ныс­танды. Солтүстік және шығыс өңірлерді таңдай­тыны кемде-кем. 2021 жылғы 1 ақпандағы жағ­дай бойынша еңбекке қа­білетті жас­тағы этникалық қо­ныс ау­да­­рушылардың саны 58,7%-ды, ең­­­бекке қабілетті жасқа жет­пе­­ген­де­­­рі 21,4%-ды және зей­нет­керлер 19,8%-ды құрайды.

Ерік ЕРДЕНОВ