Азаматтардың сыни пікір айту құқы сақталады
Азаматтардың сыни пікір айту құқы сақталады
238
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокура­тура­ның басшылық құрамымен өткен кеңесте сөйлеген сөзінде бейбіт жиындар өткізудің тәртібі туралы айтты. Ол бейбіт жиын өткізгісі келетін азаматтардың былтыр қабылданған жаңа заңға ба­ғынуы керек екенін атап өтті. Бұл туралы Мемлекет бас­шы­сының  баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-та жазды.

«Былтырдан бастап Қазақ­станда бейбіт жиындар өткізу туралы мүлде жаңа заң күшіне енді. Егер бұрын қолданыста бол­ған заңда рұқсат алу процедурасы болса, жаңа заңда митинг өткізу туралы хабарласа жеткілікті. Сонымен қатар ірі қалалардың орталықтарында бейбіт жиын­дарға, оның ішінде, наразылық акцияларын өткізуге арнайы орындар белгіленген. Бұл – біздің қоғамды де­мо­кратияландыру жолындағы өте маңызды қадам. Бұл саясатты біз­дің қоғамда ғана емес, шетелдерде де түсіндіруіміз керек. Жиын өт­кізгісі келетіндер жаңа заңға ба­ғынуға міндетті. Азаматтардың билікке қа­тыс­ты өз ойын білдіру, сыни пікір айту құқынан ешкім айыра ал­майды. Бұл олардың конституция­лық құқығы және ол қатаң түрде заң аясында орындалуы керек», – деді Қ.Тоқаев Бас прокура­тура­ның бас­шылық құрамымен өткен кеңесте.