Теріскей театрларының дәрежесі өсіп жатыр
Теріскей театрларының дәрежесі өсіп жатыр
102
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында көркемөнарпаздар ұжы­мында жағымды жаңалық. Еңбегі еленгенінің бір бел­гісі ретінде тоғызының – «халықтық», тағы бес ұжымның «үл­гілі» дәрежесін алуын айтуға болады. Бұл ретте белгілі бір талаптар мен шарттарға сәйкес келуі тиіс екенін ес­керу керек.

Негізі, «Халықтық» дәрежесін алу үшін әртістердің жасы 18-ден асуы керек. Ал балалардың өнер ұжымына «үлгілі» атағы беріледі. «Халықтық» дәрежені алудың бірнеше талабы бар. Ең біріншісі – ұжымның құрылғанына 5 жылдан кем болмауы керек. Осы аралықта олар үздіксіз өнер көрсетуі қажет. Жоғары орындаушылық шеберлік, репертуары ауқымды, әдемі костюмдері болуы керек. Материалдық-техникалық базасы ескеріледі. Дәрежені аларда олар 9 концерттік нөмір ұсынады. Құрамында Мәдениет және спорт министрлігінің бас сарапшысы бар комиссия ұжымдардың өнерін сарапқа салды», – дейді СҚО халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметі орталығының бөлім жетекшісі Татьяна Зацаринина. Солтүстік Қазақстан облысында жалпы саны 200-ден астам көркемөнерпаздар ұжымы болса, соның 88-нің «халықтық», «үлгілі» дәрежесі бар. Олардың 27-сі қалалық болса, қалғаны – ауылдық өнер ұжымдары.

Жадыра АҚҚАЙЫР