Оман сұлтаны Кабус бен Саид қайтыс болды-БАҚ
Оман сұлтаны Кабус бен Саид қайтыс болды-БАҚ

Кабус Парсы шығанағындағы араб мемлекетін 1970 жылдан бастап басқарған.

«Оман сұлтаны Кабус бен Саид қайтыс болды», – деп хабарлайды Reuters. Бұл туралы Мемлекеттік БАҚ сенбі күні таңертең ерте жария еткен.

 

Батысқа арқа сүйеген 79 жастағы Кабус 1970 жылдан бастап Парсы шығанағындағы араб мемлекетін басқарды. Кезінде ол Оманның бұрынғы отарлық державасы – Британияның көмегімен қансыз төңкерісті жасап, билікті тартып алған болатын.

 

Басылымның хабарлауынша, Кабустың балалары жоқ және ол жария түрде мұрагерін тағайындамады. 1996 жылғы заң бойынша бұл жағдайда билеушінің отбасы тақ босатылғаннан кейін үш күн ішінде мұрагерді таңдауы тиіс.

   

Егер олар келіспесе, әскери қызметшілер мен қауіпсіздік қызметінің лауазымды мүшелерінің, Жоғарғы Сот басшыларының және екі ассамблеялар басшыларының кеңесі сұлтан атын жасырын жазып қалдырған адамды жаңа билеуші ретіндетаниды.