Дамуға жол ашатын бағдарлама
Дамуға жол ашатын бағдарлама
106
оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жыл­дың мамыр айында ұсын­ған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Қазақстан халқын жар­қын бола­шаққа бастайтын, ел бірлігін нығай­тып, дамуға кеңінен жол ашатын бағдарлама. Барша қазақстан­дықтарға күрделі және дағдарысты кезеңнен сүрінбей өтудің тиімді тәсілін нұсқайтын қабырғалы құжат. Осы арқылы Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті бәсекеге қабілетті 30 елдің қата­рына қосылу міндетін қойып, дамудың даңғыл жолын көрсетті.

Бүгінде халқымыздың мүддесі, қажет­тілігі мен талап-тілегі барынша ескерілген Ұлт жоспарының басым бағыттары, негізгі қадамдары өз деңгейінде орындалып келеді. Уақыт алға жылжыған сайын еліміз де жаңару үстінде. Тұңғыш Прези­дентіміздің көреген саясатының арқасында біз ата-бабамыз арман­даған құндылықтарға қол жеткіздік. Бүгінде Қазақстан бірлігі мен ынты­мағы жарасқан, атағы төрткүл дү­ниеге жайылған айбынды мемлекетке айналды.

Партия Төрағасының «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспары қоғамдық жаңа қаты­нас­тардың, функ­ция­лар­дың, сондай-ақ жаңа, же­тілді­рілген инс­титуттардың қа­лыптасып, орны­ғуына мүмкіндік жасады. Қо­ғамдық өмірімізде де үлкен сілкініс ту­дырды. Ұлт жос­пары халқымызды ұлы іс­терге жете­лейтініне сенім мол. Өйт­кені ал­мағайып заманда жоспар­лы жұмыс қана бізді жетістікке жет­кізе алады. Сондықтан Ұлт жоспа­рының жүзе­ге асуына үлес қосу – бәріміздің ортақ міндетіміз.

Былтырғы жылдың 9 мaусымындa өткен Президент сaйлауы хaлқы­мыздың aуызбір­шілігін, ұйымшыл­дығын көрсетіп қaнa қоймaй, Қа­зақстанда қaнaт жайып келе жaтқaн демокрaтиялық үдерістің жaрқын көрінісі екенін aйқындады. Сaйлaудa же­ңіске жеткен Қaсым-Жомaрт Тоқaев ел тіз­гінін ұстaды. Қaлың бұ­қa­рaның бұл тaң­дaуы бекер емес. Қaсым-Жомaрт Тоқaев – көрнекті мемлекет қайраткері, дaрынды дип­ломaт. Ол Елбaсымен бірге ел тәуел­сіздігін нығaйтуғa, мемлекеті­міздің хaлықaрaлық қaуымдaстықтa тaны­луы­нa, aбырой-беделінің aсқaқ­тa­уына өл­шеусіз үлес қосқaн мемле­кет­тік тұлға ретін­де халық қaлaулысынa aйнaлған білікті басшы.

Қасым-Жомарт Кемелұлы сай­лауалды бағдарламасында негізгі мақсат-мұраты «Сабақтастық, Әділ­дік, Өрлеу» екенін атап көрсетті. Сабақтастық бірінші кезекте Ел­басының стратегиялық бағытының са­бақтастығын қамтамасыз етумен си­пат­талады. Мұнда қоғамның ауыз­біршілігін сақтау, ел аза­мат­тарының тұрмыс сапасын арттыруға арналған барлық әлеуметтік бағ­дарламаны мүлтіксіз орындау, оларды ары қарай дамыту, тұрақты экономикалық өсім арқылы же­тістіктерімізді еселеу міндеті бар.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұ­лының бес институттық ре­формасын – Ұлт жоспарын жүзеге асыру екенін Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше атап көрсеткен бо­латын. Президент сонымен қатар әділдікке негізделген әділетті қоғам орнату, оның ішінде заң үстемдігі мен әділ сот төрелігін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, жемқорлықты түп-тамырымен жоюды, тиімді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құруды, дені сау, білімді ұрпақ қалыптас­тыруды, халықты жұмыспен қамтуды мақсат тұтты. Ал «Өрлеу» бағыты бойынша қарқынды экономика құру, ауқатты және заманауи ауыл қалыптастыру, тиімді қаржы жүйесін, жоғары са­нат­ты инфрақұрылым, тұрғылықты ха­лықты қолжетімді баспа­намен қам­тамасыз ету сияқты маңызды мін­деттерді белгілегені баршамызға аян.

12 маусымда Нұр-Сұлтан қа­ла­сында өткен ұлықтау рәсімінде сөй­ле­ген сөзінде Президент Қасым-Жо­март Тоқаев осы айтылған міндеттерді одан әрі тиянақтай түсті. Ең бастысы, елімізде әділетті қоғам орнату, ха­лық­пен санаса жұмыс істеп, олардың әлеу­меттік-тұрмыс­тық жағдайын жақ­­сартуды басты нысана етіп алуы – адам­дардың ойы­нан шығып, бола­шақ­қа деген сенім­дерін нығайта түсті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сабақтастық. Әділдік. Өр­леу» сайлауалды бағдарламасында еліміздің әр азаматына тең мүмкіндік беретінін жеткізді. Аталған берік ұстаным қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтитыны анық. Осы 3 ұстаным елдің ойын дөп басты. Қорыта айтқанда, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспа­рының «Кәсіби мемлекеттік аппарат қа­лып­тастыру» алғашқы институттық ре­формасы аясындағы және Мем­лекет басшысының сайлауалды бағ­дарла­ма­сын­дағы «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» тұ­ғырнамасы, «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында айтылған мін­деттерді сапалы жүзеге асыру ел мен ұлт мүддесі жолындағы жаңа мақ­саттарға сенімді қадам жасаудың жарқын көрінісіне айналады.

 

Бақытжан ЕРТАЕВ,
Мәжіліс депутаты