Бізден Илон Масктар қашан шығады?
Бізден Илон Масктар қашан шығады?
205
оқылды

Балаңыз кейде қиялдап, ойға қонымсыз көрінетін ар­мандар тізіп кете ме? Он­дай­да ойын құптап, ша­бы­тына шабыт қосасыз ба, жоқ әлде «қай-қай­дағыны айт­пашы» деп шорт кесесіз бе? Сіздің та­раптан жасалған әр қадам ба­­­ланың бола­ша­ғына тікелей әсер етуі мүмкін. Себебі бү­гінде әм­беге аян Илон Маск бала кезінде ғы­лыми фан­­­тастиканы көп оқы­­ға­нының арқасында қазір жұрт біткенді таңғалдырудан жалықпайды. Осыдан бір­неше жыл бұрын адам сен­гісіз кө­рінетін көп дү­ниенің шынға ай­налуы – осының бір дә­лелі. Ендеше Қа­­­­­зақстанда ба­лаларға ар­нал­ған фэнтези жанрының қа­­­­­лай дамып жат­қанына тоқ­талғанды жөн кө­ріп отырмыз.

 Қазіргі баланы қалай таңғалдырамыз?

Бұрын кеңес кезінде бала біт­кен ғарышқа ұшуды арман­дай­тын. Бар ойы – ғарышкер болу. Екінің бірі «Кім болам?» та­­қы­рыбындағы шығармаға түрлі сыр мен құпияға толы ғарыш әлемін арқау ететін. Байқасақ, ХХ ға­­­­сырдың басынан бері жа­риялан­ған ғылыми фан­тастикалық шы­­­ғар­ма­лардың кө­бінде адам­ның ұшуы, ға­­рышқа сапар шегуі суреттеледі. Мәселен, Виктор Гончаровтың 1920 жыл­­­дары шыққан кітабында кейіп­керлер аборигендерге Айда рево­люция жасауға көмектеседі. Александр Ярос­­лавский болса, Марсқа ат­­­тан­­дырады. Ал Николай Муханов бол­са, планеталар ара­сындағы қақтығысты суреттейді. Осы ретте қазақ ертегілерінің де көркемдік деңгейін атап өту керек. Жата-жастанып оқыған сүйікті ерте­­­гілеріміздің кейіп­керлері қандай ке­ремет еді?! Бірі екі жасында алысқан кісілерін алып ұратын бала болатын батыр болса, енді бірі бір көлдің суын екі ұрттап, көлге құятын мықты болады. Ел аузындағы мұндай ерте­гілердің ғасырдан-ғасырға ұмытылмай таралуы керек. Әйтсе де, балалар әде­­­­­биетіндегі қиял-ғажайып мұнымен шектелмегені тағы дұрыс. Өйткені қа­зіргі бала­ны таңғалдырудың тың жол­дарын іздемесе, болмайды. Заманауи фэнтези жанрында жазып жүрген жас жазушы Зәуре Төрехан қа­­­­зақ балалар әде­бие­тінің бүгінгі заман талапта­ры­на сай келмейтінін айтып отыр. «Талап­тарға сай келмейді деуім­нің себе­бі – қарапайым әңгіме-ерте­­гі­лерден аса алмай келеміз. Бүгінде әлем балаларының, со­ның ішінде қазақ балаларының үл­кен сұра­нысына ие жанр­лар – фэн­тези, детектив, ғылыми фан­тастика және әдеби RPG. Фэн­тези жанры­нан басқа бағытта жазатын қазақ жазушылары жоқ­тың қасы десе де бо­лады. Өз басым фэнтези жанрын жақсы көремін, бірнеше кітап жазып та үл­гердім. Олардың бірі – роман-фэн­­тези «Амина Туран в стране номадов» кіта­бы. Ол 2018 жылы 10 наурызда «Ал­матыкітап» бас­пасынан жарық көрді. Ал 2020 жылы мамыр айында пандемия кезінде үйде қамалып отырған бала­ларға арнап «Айша и Не­видимые со­седи» атты кітап-се­риал жобасын ұйым­дастырдым. Балалар да, ересектер де әр жеті сайын кітаптың жаңа екі-үш та­рауын IKitapDYKENI қосымша­сынан тегін оқып отырды. Бү­гінде ол повестті онлайн оқуға бо­лады. Қазақша авторлық ау­дар­масы да, бұйырса биыл шы­ғады деп үміт­тенемін», – дейді жазушы.

Сұраныс бар, ұсыныс аз

Қазақ тілінде жазылған, яки ана тілімізге аударылған кітап­тардың аз болғаны қынжылтады, әрине. «Фэн­­тези жанрында жа­зыл­­ған қазақша қан­дай кітап­тарды білесіз?» деген сауал­намаға көп­шілігі бірауыздан «Хәрри Поттер» деп жауап берді. Расында, соңғы кездері кітап дүкендерінің сө­ре­сінен лезде сатылып кеткен бұл кітап – әлемдік бестселлер. Британ жазу­шысы Жоан Роу­линнің қия­­лынан шыққан си­қыршы бала Хәр­­­ри Поттер және оның әлемі туралы еңбектерді қазақ ті­лінде шығару құқығы Steppe & WORLD Publishing бас­пасына тиесілі. Был­тыр үш бө­лімі жарыққа шық­ты. Биыл наурызда төртіншісі оқыр­­манға жол тар­тады. Жыл соңына дейін алты бө­­лімі шығып, жетінші­сі келер жылы осы уақытта жарық көреді деп жоспар­ланып отыр. Са­­палы дүниелердің саны артқа­ны – қуа­ныш. Оқыр­ман­дардың да үлкені мен кішісі асыға күтеді. Демек, жазам дегенге, ау­дарам дегенге сұраныс бар. Енді соны қа­­­на­­ғат­тандыру ғана қалып отыр. [caption id="attachment_111808" align="alignnone" width="1284"]Илон Маск © коллаж: Рауғаш Омар[/caption] Айтпақшы, сұраныс демекші, ма­териал әзірлеу барысында кі­тапхана қызметкерлерімен де бай­ланысып, қандай авторлардың көп оқылатынын сұрастырдық. Жам­­­был атындағы қа­лалық жас­өспі­рімдер кітапха­на­сының мең­геру­шісі Ғазиза Құдайбер­ген­нің ай­туынша, жастар арасында бү­­­­гінде ғылыми фантастикалық туын­дылар үлкен сұраныста екен. «Рэй Бредбери, Жордж Оруэлл, Айзек Азимов, Стивен Кин, Клиф­форд Дональд Саймак, Артур Кларк сынды авторларды көбірек сұрай­ды. Соның ішінде жастар тарапы­нан қызығушылық жоғары. Өзім­нің қызым да кішкентай бол­ғаны­на қарамастан, бір жылдың ішінде «Хәрри Поттердің» жеті томдығын тауысты. Ғылыми фан­тастикаға өте әуес. Осы ретте қа­зақ­­ша кі­таптардың жетіспейтінін атап өту керек», – дейді кітапхана мең­герушісі.

Ғылыми фантастиканы дамытудағы мақсат қандай?

Неліктен нақты ғылыми фан­тас­тикаға ден қою керек деп отыр­мыз? Бұл – жай ғана әдебиеттің дамуы үшін жасалуға тиіс қадам емес. Мәселен, қазіргі Қытайдың қарыш­­тап дамуына бірден-бір үлесін тигізген – осы жанр. 2007 жыл­ға дейін Қытайда аталған әде­биеттерді құптамай келген. Бірақ кейіннен тұңғыш рет фантастика фестивалі ұйымдастырылады. Қы­тай­дағы бұл іс-шараға танымал жа­зу­­шы Нил Гейман барады. Осы­ған дейін тыйым салып келіп, аяқасты неге бұл жанрға бет бұра қалуының себебін білмек болып, Гейман зерт­­тей бас­тайды. Сөйтсек, қытай­лық­­тар «жоға­рытехно­ло­­гия­лық зат­тардың бәрін шығар­ғаны­мызбен, неліктен оны ойлап таба­тын – басқа елдегілер?» деген сауал­ға бас қа­тырған екен. Өз ішін­­де жасалған зерттеудің нәти­жесінде Google не Apple сын­ды ал­дыңғы қа­тарлы ин­новациялық ком­­­пания­лардың же­текші қыз­меткерлері бала кезінен фантасти­калық туындылармен су­сындап өскен болып шығады. Міне, осыдан соң Қытай да ғы­­лыми фантастикаға ден қоюға бел буыпты. Бұл елдегі аталған жанр­­дың тартымды тұсы сол – біз бү­­гінде заманауи Қытай жайлы білетін деректерімізді еселеп ұл­ғайтып көрсететінінде. Айталық, ежелгі тарихи оқиғалар тізбегін қа­рыштап дамып жатқан техно­ло­гия­лармен тетелестіріп қояды. Қы­тайлық ғылыми фантастиканың феноменге айналуына себепкер болған Лю Цы­синьнің трилогиясы десек артық бо­л­мас. Осыдан 13 жыл бұрын алғашқы романы қы­тай тілінде, 2014 жылы ағылшын тілін­­де басылған. Туындыны сүйіп оқы­ғандардың қатарында Аме­риканың бұрынғы президенті Барак Обама мен танымал ин­тернет-кәсіпкер Марк Цукер­берг бар деседі. Тіпті, Amazon қазір автормен келісіп, мил­лиард дол­лар­лық бюджетпен тарихтағы ең қымбат телесериал түсіруге ке­ліссөз жүргізіліп жатыр деген де сыбыс бар. Тағы бір қы­зығы, Қытайда жазылатын фантас­­тика­лық оқиғалар ойдан құ­рас­тырыл­ғанымен, шындыққа жана­­сады. Яғни, бірнеше жылдан кейін сонда жазылғанның шын мәнінде орын­далғанын көруге болады. Ай­­­талық, тыңшылық үшін жасалған құс бей­несіндегі дрондар, қызмет­керлер­дің миын сканерлеп, ашу, күйзеліс­тің та­бын байқап қалатын құрыл­ғы­­ларды атап өтуге болады. Мінеки, бізге де бұл жанрдың керек деуіміздің себебі осы. Зәуре Төрехан фэнтезидің балаларға аса қажет екенін айтып отыр. «Ғылы­ми фантастика – жанры ХІХ ға­сыр­дың аяғы ХХ ға­сырдың ба­сында туын­­даған жанр. Со­дан бері ол әдебиет кеңістігінен шығып, комиксте, кино мен мульт­фильм салаларында кең етек алды. Тарих көр­­­сеткендей, ғы­­лыми фан­­­тастика жанрындағы кі­таптар адам­дарға болашақ жайын­­да қиялдауға, ша­быт­­­­тануға, ой өрісін дамытуға мүм­­кіндік береді. Осындай кітап­тарды көп оқыған бала зерек, ақыл­ды, ұшқыр ойлы, өнертапқыш болатыны анық. Мысал ретінде, Аме­­­­­­­риканың атақты адамдарының бірі Илон Маск балалық шағында Айзек Азимов, Дуглас Адамс, Рэй Бред­бери, Роберт Хайнлайн сын­ды жа­з­ушылардың кітаптарын оқып өскен. Ол – Жин Родденбери, Жодж Лукас, Стэн Ли сияқты ғы­лы­ми фан­тас­­­­тиканы кино мен комикс сала­­сына еңгізген кино­сценаристер мен режис­серлердің туындыларынан су­­­­­­­сындаған адам. Соның арқасында бүгінде адамзат тарихын өз қолымен жасап отыр­ғанын көріп, біліп жүр­міз. Біздің халықтан осындай Илон Масктар шығуы үшін қазақ жазу­шылары да осы салаға бет бұрып, кітап жазуы керек деп ой­лай­­мын, ол күн де алыс емес шығар. Мен де мек­­тепте оқып жүргенімде Айзек Ази­­мов, Герберт Уэллс, Орсон Скотт Кард сынды авторларды сүйсініп оқы­­дым, бү­­гін­ге дейін космосқа қа­­тысты жаңа­лықтарды, бағдар­лама­­ларды жақсы көріп қараймын. Бо­­ла­­­шақта осы жанрда да сце­нарий не болмаса ко­микс жазып көруге тыры­самын» деп ойын түйіндеді жазушы. Айтпақшы, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райым­құ­­лова балалар әдебиетіне биыл ерек­­­ше көңіл бөліне­тінін тілге тиек ет­­кен еді. «Министрлік 2021 жыл­ды «Ба­­лалар әдебиеті» жылы деп жа­­риялайды. Бұған сіздердің де қо­­­сатын үлестеріңіз зор деп білемін. Мемлекеттік тапсырыспен шыға­тын кітаптар бойынша ми­нистрлік 1 ақ­паннан – 1 ма­мырға дейін құ­­жаттар қабылдайды. Қазір кітап шығару және қаламақы төлеу мә­селесі жолға қойыл­ды. Осыған бел­­сене қатысуға сіздерді шақыра­мын» деген еді. Нарық за­манында ақы төленіп, сапаның талап етіл­гені жөн-ақ. Ендеше балаларға ар­­нал­ған жаңа туындылардың қа­тарын бүгін тақырыпқа тұздық бол­­ған ғылыми фан­тастика жанрын­­дағы шығар­малар толық­тырар деп се­неміз.

Жадыра АҚҚАЙЫР