Марқұм апат болған жерде жол тазалап жүрген, – деп хабарлайды КТК.
Қайғылы жағдай Ниетқалив пен әл-Фараби көшесінің қиылысында болған. Дәл осы тұста «Жасыл ел – Тараздың» жұмысшылары көше сыпырып жүрген. Сол сәтте зуылдап келген екі көлік бір-біріне соғылған. Соның салдарынан машинаның бірі ұшып барып жол жиегіндегі әйелді қаққан. 52 жастағы жұмысшы сол жерде жан тапсырған.Жол апатына әзірге қай жүргізушінің кінәлі екені белгісіз.