Биыл баспана сатып алудың пайдасы жоқ – экономист
Биыл баспана сатып алудың пайдасы жоқ – экономист
158
оқылды

Осыған дейін 78 мың қазақстандықтың зейнетақы қорынан ақша алуға берген өтініші мақұлданды. Көпшілігі ақшаны баспана мәселесін шешуге жұмсамақ. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Қордағы ақшаны алуға рұқсат берілгелі жылжымайтын мүлік құны күрт өсті. Риэлторлар баспана бағасы өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 8 пайызға қымбаттаған дейді. Экономистердің пайымдауынша, баға тіпті жазда да қымбаттауы мүмкін.

Экономист Арман Байғанов: «Үйді келесі жылы алсаңыз да болады. Нарықта баға тұрақтанғанын күткен жөн. Мәселен, менің де жинағаным бар. Бірақ биыл баспана аламын деген жоспарым жоқ. Өйткені баға әлі де өседі. Сондықтан келесі жылды күтемін», – дейді.

Риэлторлық орталықтың директоры Ғалым Ысқақ бұл бастама Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен банктер үшін тиімді.

Жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Ғалым Ысқақ: «Соңғы жылдары қорға ақша аудармайтындар саны артты, әсіресе жастар. Қорға деген сенім жоғалып барады. Ал мемлекет мерзімінен бұрын ақшаны жұмсауға рұқсат беру арқылы халықты керісінше қайта қорға ақшаны көптеп аударуға ынталандырып отыр. Ақшаны шешіп, үй алып жатқандардың көбі банкке жүгінеді. Осылайша қор, артынша банкте ақша айналымы артып, бұл жүйеден ұтып отыр», – дейді.