Иран украиналық ұшақты байқаусызда құлатқанын мойындады
Иран украиналық ұшақты байқаусызда құлатқанын мойындады
113
оқылды

Әскерилер оны жау ұшағы деп ойлаған.

«Иран украиналық лайнерді байқаусызда атып құлатқанын мәлімдеді. Әскерилер оны жау ұшағы деп ойлаған», – деп хабарлайды Bloomberg ақпарат агенттігі.

«Ұшақ Ислам революциялық гвардиялық корпусы әскери аймағына жақын жерде ұшып өтті», – деп хабарлады Иран әскерінің ресми өкілдері.

Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Зариф қаза болғандардың отбасыларына кешірім сұрады.

«Қайғылы күн. Қарулы Күштердегі ішкі тергеудің алдын ала қорытындыларына сәйкес, АҚШ - тың авантюризмі тудырған дағдарыс кезіндегі адами қателік апатқа алып келді», - деп мәлімдеді министр.

Украиналық Боинг 737-800 Тегераннан ұшқаннан кейін апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 176 жолаушының ешқайсысы аман қалған жоқ.

Жұма күні Иран ұшақ бойынша зымыранды шығарғанын жоққа шығарып, Батыс үкіметтерін "психологиялық соғыста"айыптаған болатын. Ал жұма күні New York Times газеті Boeing ұшағына зымыранның дөп тию сәті жазылған видеоны жариялады.