Журналист Нұртілеу Иманғалиұлы қайтыс болды
Журналист Нұртілеу Иманғалиұлы қайтыс болды

Бұл туралы Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер»,«Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды»,– делінген хабарламада.

Нұртілеу Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.

Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі.