«Олимп» букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді
«Олимп» букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді
105
оқылды

Бұған дейін Алматыда «Олимп» басшылары ұсталған болатын. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.

«Алмалы аудандық соты биыл 16 ақпанда Алматы қаласы прокурорының халықаралық іздеу жариялаған заңсыз ойын бизнесі, бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсесі» ЖШС басшыларына қатысты үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы өтініш хатын қанағаттандырды», – деп хабарлады прокуратура.

Сот актісімен 3,6 миллиард теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік тәркіленді. Сотта ұйымдасқан қылмыстық топ мүлікті қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.