Былтыр Элисар Нұрмағамбетов 66 жастағы танзаниялық Әмір Сандержимен бірге Consilienz-ті құрды. Бұл туралы Forbes жазды.
Consilienz – ақшаны қитұрқы жолдармен жылыстату, алаяқтық, адам саудасы сияқты қаржылық қылмыстарды анықтайтын бағдарлама. Қаржы институттары, құқық қорғау органдары Consilienz жүйесін ақпарат, корпоративтік жазбаларды анықтау үшін қолданады.АҚШ-та 30 миллионнан астам кәсіпорын бар. Жаңа жұмыс орындарының үштен екісі шағын бизнестің үлесінде. Кәсіпкерді халыққа таныту үшін Forbes Next 1000 құрылды. Жаңадан кәсіп бастағандардың бизнесін дамытуға мүмкіндік береді.