Президент Нұртілеу Иманғалиұлының туған-туысына көңіл айтты
Президент Нұртілеу Иманғалиұлының туған-туысына көңіл айтты
134
оқылды

Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Нұртілеу Иманғалиұлы телевизия саласында өзінің қолтаңбасын қалдырды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани-мәдени байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – деп жазылған жеделхатта.

Бүгін журналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.