Бес құрлықтың баласы бас қосқан дода
Бес құрлықтың баласы бас қосқан дода
120
оқылды

Швейцарияның Лозанна қала­сында ІІІ қысқы жасөс­пі­рімдер Олимпиадасы бастал­ды. Malley мұз сарайында ашылу салтанаты өтті.

Екі апта бойы әлемнің 79 Ұлт­тық олимпиада комитетінен келген 1872 спортшы жарыс­қа қатысады. 15-18 жас аралығын­да­ғы спортшылар шаңғы жары­сы, сноуборд, фристайл, шаңғы қос­сайысы, тау шаңғысы, шаңғымен тұғыр­дан секіру, альпинизм, биатлон, шайбалы хоккей, шана­мен сырғанау, бобслей, скелетон, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру және керлинг сынды 16 спорт түрінен бақ сы­най­­ды.

Олимпиаданың ашылу салта­на­тында тарихи қойылымдар, би, шоу бағдарламалар көпші­лік назарына ұсынылды. Мұз сарайына жиналған 8000 көрер­мен жетіғасырлық тарихты қам­ты­­ған қойылымды қызыға тама­ша­ла­ды.

Салтанатты жиында Ха­лықа­ра­­­лық олимпиада комитеті­­нің бас­шысы Томас Бах қатысу­шы­­лар­ға сәттілік тіледі.

– Лозанна 100 жылдан бері Олимпиаданың отанына айналды. Ұйымдастыру комитетінің жоғары деңгейдегі жұмысы Олимпиада астанасында өз үйімізде жүрген­дей сезінуге мүмкіндік сыйла­ды. Сіздер олимпиаданың нағыз жүрегінде жүрсіздер. Жасөс­пі­рімдер олимпиадасы сіздер үшін өте ерекше болмақ. Жарыс құнды­лықтарымен етене жақын таныстырады. Құндылықтарды құрметтейді, насихаттайды. Кіл мықтыны мойындауға, бағы мен бабы қатар келіскен чемпион­дар­дың жеңісін тамашалайсыздар. Сондықтан мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, спорт тарихындағы жаңа есімдерді танитын боламыз. Бес құрлықтың баласы бас қосқан додада қай спортшының бағы жанатынын жарыс анықтайды, – деді Томас Бах.

Олимпиадаға Қазақстан ұлт­тық құрамасы да қатысып жатыр. Қазақстан атынан Лозаннаға
26 спортшы аттанды. Қазақ елі­нің көк байрағын шаңғышы Владис­лав Шлемов ұстап шықты. Жас спортшы мемлекеттік Туды көте­ріп шығу мәртебе екенін айтты.

– Еліміздің көк Туын көтеріп шығу – мен үшін зор мәртебе. Мақта­­ныш сезімі кернеп тұр. Екінші жағынан мойнымда жа­уап­­­кершілік бар. Жарыс ал­дын­­да қобалжып тұрмын. Қазақ­­станның байрағын тұңғыш рет көтеріп шықтым. Жарысқа тың­­ғылықты дайын­даламыз. Қазақ­­станға жүл­демен ораламыз деген үкілі үмітім бар, – дейді Владис­лав Шлемов.

Айта кетейік, Лозаннадағы олим­пиада ойындарына биыл қатысушылар бойынша ре­корд­­­тық көрсеткішке жетті. 2012 жылы алғаш Инсбуркте өт­кен Олимпиадада 1059 спорт­шы бақ сынаса, 2016 жылы Лил­ле­хам­мер­ге 1100 спортшы қатыс­қан еді.

Қатысушылар санының көп­тігіне байланысты спорт­шы­­­лар олимпиадалық қала­шық­­­қа әртүрлі уақытта орна­лас­­­тырылады. 9-15 қаңтар ара­­­лы­­­ғында сынға түсетін атлет­тер бірінші қала­шық­қа жай­­ғаса­ды. Спортшы­лар­дың екін­ші дүр­мегі 16-22 қаңтар аралы­­ғында спорт жарыстарына қаты­сып, Олим­пиаданың жабылу салта­на­тын тамашалайды.

Биылғы додаға ең көп спорт­шы апаратын ел – Швейцария, яғни 112 спортшы қатысады. Содан кейін Ресей – 107, АҚШ-тың на­мы­сын 96 спортшы қор­ғай­­ды.


Майра БАҚЫТ