Қазақстанда -33 градусқа дейін суытады
Қазақстанда -33 градусқа дейін суытады
226
оқылды
Қазақстанда қайтадан күн суытады, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. "18-19 ақпанда Оңтүстік Каспий циклоны еліміздегі ауа райына ықпал ететін болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі, еліміздің солтүстік өңірінде қар жауып, бұрқасындатады. 19 ақпаннан бастап еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Республиканың солтүстік жартысында түнде -15-33℃, оңтүстік өңірлерде 0,+5℃, кей жерлерде  -10-15℃ дейін суытады. Жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді", – делінген хабарламада.