Нұртілеу Иманғалиұлының соңғы сұхбаттарының бірі жарияланды
Нұртілеу Иманғалиұлының соңғы сұхбаттарының бірі жарияланды
174
оқылды
70 жасқа қараған шағында өмірден өткен белгілі тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақпарат саласының үздігі атанған Нұртілеу Иманғалиұлының соңғы сұхбаттарының бірі жарияланды. Видеоны Қазақстан ұлттық арнасы желідегі ресми парақшасында жария етті.
"Нұртілеу Иманғалиұлының соңғы берген сұхбаттарының бірі. 1 жыл бұрынғы "Таңшолпанның" эфирінен үзінді", – делінген хабарламада.
Онда тележүргізуші "Нұртілеу" бағдарламасы туралы сөз қозғаған.
"Бұл бағдарламаның ешқандай ерекшелігі жоқ. Бұл мен туралы сұхбат емес. Бұл қазақтың құндылықтары айтылатын, қазақтың мен деген елдің алдында жүрген азаматтарының пікірі жарысқа түсетін, интеллектуалды сұхбат. Бұл қазақтың ықыласы, ақ тілеуі, нұр тілеуі", – деген еді Нұртілеу Иманғалиұлы.
2019-2021 жылдар аралығында "Nur Tiley" бағдарламасының 70 шығарылымы эфирге шыққан.