Павлодар облысында алты баланың анасы жантүршігерлік қылмыс жасады
Павлодар облысында алты баланың анасы жантүршігерлік қылмыс жасады
144
оқылды
Павлодар облысында көпбалалы ана кісі өлтіргені үшін сотталды. Қайғылы оқиға Павлодар ауданының Жаңа қала ауылында болды.  Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, қылмыстық істі облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Облыстық МАҚС баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылдың қыркүйек айында Жаңа қала ауылының 40 жастағы тұрғыны ас үйде сарымсақты пышақпен турап отырған уақытта оны күйеуінің мас інісі қорлап, шапалақтап жіберген.  
-Төбелес кезінде әйел қайнысының кеудесіне пышақ салған. Көп қан жоғалтқан ер адам қайтыс болды, – деп хабарлады МАҚС баспасөз қызметі.
  Әйел полиция бөліміне жеткізілді. Куәландыру кезінде оның орташа дәрежеде мас болғаны анықталды. Бұл оның кінәсін ауырлатты. Сарапшының айғақтарына сәйкес әйелде дене жарақаттары табылмаған. Ауыл тұрғынының кінәсі оның мойындауынан басқа дәлелдермен және сот отырысында тексерілген дәлелдермен толық расталды. Сот әйелдің алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылуын, алты кішкентай баласының болуын және  жағымды мінезін жеңілдететін жағдай деп таныды. ҚР ҚК 99 бабы бірінші бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотта прокурор әйелді  8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.  
-Оған орташа қауіпсіздік мекемесінде сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үйде қамауға алу шарасы күзетпен ұстауға өзгертілді, әйел сот залында қамауға алынды. Бұл шара үкім заңды күшіне енгенге дейін қалдырылды, – деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ. Ауылдастары сотталушының сабырлы және мейірімді әйел болғанын айтады.  
-Ешқашан ешқандай мәселе болған емес, – дейді Григорьевка ауыл округінің әкімі Виталий Бруцкий. – Ерлі-зайыпты балалары, енесі және  күйеуінің інісімен бірге тұрған. Күйеуі сол күні жұмыста болған, ал інісі ішімдік ішіп келіп, жеңгесінің немысына тиген.
  Ауылдастары сол күні марқұмның үйде болғанын, ішімдік ішкенін айтты. Қылмыс сотталған әйел тауықты бөліп, тазалап жатқан кезде болды. Көршілері ол туысын әдейі өлтірді дегенге сенбейді.