Ақтөбе облысында аспаннан құлаған белгісіз зат зымыранның сынығы болып шықты
Ақтөбе облысында аспаннан құлаған белгісіз зат зымыранның сынығы болып шықты

Қорғаныс министрлігі бұл жағдай тұрғындар үшін қауіпті емес екенін мәлімдеді.

Ақтөбе облысында 9 қаңтарда Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің сынақ орталығының жоспарлы оқу-жаттығулары кезінде зымырандардың бірінің сынығы белгіленген орындардан тыс жерге құлап кетті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 Зымыранның сынығы Байғанин ауданында құлап кетті. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс болған жоқ.

Оқиға Ресей Қорғаныс министрлігі Қазақстан аумағында 1995 жылғы екі ел арасындағы мемлекетаралық келісімге сәйкес жалға алған полигонда орын алды.

 "Халық үшін қауіп жоқ. Қазақстан Республикасының аумағында объектілерді пайдалану арқылы зымырандарды ұшыру оқу-жаттығуларды өткізу жоспары мен кестесіне сәйкес жүргізілді. Оқиға орнында ҚР ІІМ ТЖК қызметтері жұмыс істеп жатыр. Зат құлаған аудан полиция қызметкерлерімен қоршалған. Аталған Келісімге сәйкес мән-жайлар мен себептерді анықтауды Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы Қазақстан - Ресей комиссиясы жүргізетін болады", - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.