Аударылған 100 жаңа оқулықтың арасында сүйікті кітабым...
Грегори Мэнкьюдің «Экономикасы» және Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихы»
Менің алғашқы мамандығым және жалақым...
Менің алғашқы істеген жұмысым – «Ұлттық пікір-сайыс орталығының» үйлестірушісі. Алған алғашқы еңбекақым – 7000 теңге.
Жастар кітап оқысын десек...
Жастар кітап оқысын десек, жастарға қызықты кітап шығару керек.
Латын әліпбиіне көшу...
Латын әліпбиіне көшу – біздің тілге үлкен қуат беретін, тәуелсіздікті нығайтатын маңызды шара, өте қажетті шара.
Ауыл баласы да министр атану үшін...
Министр атану, министр болу дұрыс мақсат емес,– деп ойлаймын. Ал әңгіме қала мен дала баласының мүмкіндігін теңестіру туралы болса, онда ауылдағы мектептің жағдайы жақсаруы керек,– деп ойлаймын.
Сапалы білім беру үшін...
Дәл қазір біздің елімізге жеткілікті көлемде мектеп салынуы керек. Біздің білім беру жүйесі үш ауысымды былай қойып, екі ауысымды білім беру жүйесінен кетіп, мектептердің барлығы бір ауысымға өту қажет. Ол үшін біздің есебімізше кемінде үш мың жаңа мектеп салынуы керек. 2 млн. балаға оқушы орны салынуы керек.
Дамыған ел мен дамушы елдің айырмашылығы...
Өкінішке орай, білімсіздік пен қазақша айтқанда бейшаралық көп жағдайда қатар жүреді. Сондықтан ауқаттылық елдің, мемлекеттің, қоғамның дәулеті қоғам мүшелерінің жекелеген адамдардың білімі мен мәдениетіне тікелей қатысты.
Ұжым басқаруда мен сүйенетін ұстаным...
Қандай ұлы мақсат болмасын, сол мақсатқа жету жолында адамгершілік пен әділеттіліктен қол үзуге болмайды. Өйткені кез келген әділетсіздік, қазақша айтқанда арамдық ұжымды бүлдіреді.
Білімді жастар шетелді таңдайды. Себебі...
Қазақы ұғымдағы «тек», «тәрбие», «мәдениет» деген ұғымдар жақынырақ жүреді. Сондықтан білімді жастар елден кетіп қалады не болмаса елге оралмайды, деп айыптауға болмайды. Яғни, тәрбие дұрыс берілмеді.
Шаңырақ шайқалмауы үшін...
Отбасы берекелі болуы үшін отбасы мүшелері тек қана «қалаймын» немесе «қаламаймын», «ұнайды» әйтпесе «ұнамайды» ұғымдар мен сөздер ғана емес, сонымен бірге «қажет», «парыз», «міндет» деген секілді ұғымдардың бар екенін естен шығармау керек.
Балаларымның болашағы алаңдатады. Өйткені...
Иә. Болашаққа бәріміз балаларымызды дайындағымыз келеді. Олай болса, барымызды салып балаларды баптау қажет. Шексіз мүмкіндіктер бар. Жалпы мүмкін емес нәрсе жоқ. Мен болашаққа қызығамын.
«Техникалық социализм» дегеніміз...
Технология қазіргі техника адамдарды теңестіреді. Бар дүниенің құнын арзандатады. Өте ауқатты адамдар мен ортаңқол адамдардың өмір сапасының арасында айырмашылық жоқ. Бәріміз қолданатын смартфонның функционалы бірдей.
Маған ұнамайтын жаман қасиет...
Менің ойымша адамның ойы, сөзі және ісі бір жерден шыққаны дұрыс. Егер адам ойын тура айтпаса, ал айтқан нәрсесін іске асырмаса немесе уәдесін орындамаса, бұл жаман қасиет бұл маған ұнамайды.
Кез келген істе нәтиже болу үшін...
Кез келген істе нәтиже болу үшін жалықпай, табандылықпен еңбек ету керек. Сонда нәтиже болады. Оған кәміл сенемін.
Жасанды интеллекттің пайдасы...
Негізгі пайдасы, беретіні адамды біркелкі жасалатын қара жұмыстан айыра алады. Сонымен бірге дүниені, көптеген салаларды адам жіберуі мүмкін қателерден айырады.
Сәтсіз жобаларым бар. Оған негізгі себеп...
Сәтсіздік, әрине бар. Кез келген адамның өмірінде түрлі-түрлі сәтсіздік болады. Енді жобалар туралы айтар болсақ, менің ойымша ол жобалардың әлі уақыты келмеді.
Өз салаңда сұранысқа ие болу үшін...
Өзіңе өзің сұраныс тудыру үшін сені қоршаған сыртқы айналадағы өзгерістерге тез бейімделуің керек. Егер ондай бейімделу болмаса, өзгеріс болмаса, саған деген қызығушылық төмендейді, ол анық. Себебі қоғам, өмір, заман сені күтіп тұра алмайды».
Мен үйренгім келетін өнер, қабілет...
Мен қатты үйренгім келетін бірнәрсе бар, домбыра тартып үйренгім келеді. Егер сол арманым орындалса, өзіме өзім қатты риза боламын».